Мобильная версия Версия для слабовидящих Карта сайта

«Түркістан. Мыңжылдықтар сәулесі» атты жылжымалы көрменің ашылуы




2025 жылғы 23 қазанда Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы қорларынан ұйымдастырылған «Түркістан. Мыңжылдықтар сәулесі» атты көшпелі көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Көрменің мақсаты – ұлы ойшыл, түркі халықтарының рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауидің тарихи келбетін және оның рухани мұрасын дәріптеу, сондай-ақ оның шәкірттері мен олардың еңбектері арқылы Қазақстан мен түркі әлемінің рухани мәдениетінің дамуына қосқан үлесін таныстыру.
Экспозицияда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының негізгі қорынан алынған 90 жәдігер қойылған. Олардың қатарында:
• Шербай және Шпан қорымдарынан табылған археологиялық материалдар;
• Түркістан оазисіндегі Шауғар-Шойтөбе және Ясы-Күлтөбе қалаларының тарихи жәдігерлері;
• Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келген және өскен көне қалалар – Сайрам (Испиджаб) мен Ясы (Түркістан) туралы мәліметтер;
• Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің салынуы туралы деректер;
• Өңірдің бай рухани және мәдени мұрасын көрсететін сирек артефактілер бар.
Көрменің негізгі мақсаты – түркі халықтарын ғасырлар бойы біріктіріп келе жатқан мәдени дәстүрлер мен рухани құндылықтардың сабақтастығын көрсету. Көрермендер тарихи дәуірлердің куәсі болған ерекше жәдігерлермен танысып, ұлы ұстаздың рухани әлемінің тереңдігін сезіне алды.
Іс-шараға мәдениет және ғылым саласының өкілдері, оқытушылар, студенттер мен Көкшетау қаласының тұрғындары қатысып, Қазақстанның тарихи және рухани мұрасына зор қызығушылық танытты.
Көрменің ашылуында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаторы Кеңесінің мүшесі, Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, журналист Жабал Ерғалиев пен Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының өкілі Данияр Серікбайұлы Сәдуақасовтың құттықтау сөздерімен басталды.
Алғысөзбен Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының тарих пәні мұғалімі Жайнагүл Әдей сөз сөйлеп, оқушылары «Диуани хикметтен» үзінділер оқыды.
Көрме 2025 жылғы 23 қазаннан 23 қарашаға дейін жалғасады.

Яндекс.Метрика

A+AA-