«Звездный» балалар сауықтыру орталығы










«Звездный» БСО базасында әділ-қазылар ретінде облыстық музейдің ғылыми қызметкерлері Д.Т.Жакупова және А.С.Абдрахманова Ақмола облысының білім беру ұйымдарының музейлер облыстық фестиваліне қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушысы -облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы. Фестивальге Аршалы, Бұланды, Еңбекшілдер, Зеренді, Шортанды, Целиноград аудандарының және Көкшетау, Степногорск қалаларының мектеп музейлері қатысты. Фестиваль үш кезеңнен тұрды: «Үздік экскурсовод», «Музей афишасы», «Интеллектуалдық марафон». Фестиваль қорытындысы бойынша қатысушылар диплом, алғыс хаттармен марапатталды.
Құрылған күні: 19.04.2017 19:15
Жаңартылған күні: 20.04.2017 8:21
Қаралым саны: 2304