Балаларды қолдау жылы аясында Ұлыстың Ұлы мерекесі Әз Наурыз қарсаңында, «Живые уроки» жобасы шеңберінде Зеренді ауданының 60 жуық мектеп оқушылары Ақмола облыстық музейлеріне экскурсияға келді










Оқушылар Көкшетау қаласы тарихы музейінде қала тарихымен танысып, Ақмола облыстық тарихи –өлкетану музейінде туған өлке тарихынан біршама қызықты мағлұматтар алды.
Кеңес одағының батыры , жазушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мәлік Ғабдуллин музейінде батыр ағамыздың өмірімен танысты.
Аталмыш жоба аясында болашақта бұдан да артық қатысушыларды тарту жоспарда бар.
Құрылған күні: 14.03.2022 15:40
Жаңартылған күні: 14.03.2022 15:40
Қаралым саны: 430